БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

        ЖШС «Ай-Саулет» бөбекжай-балабақшасының тәрбие мен оқыту қызметі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29031 болып тіркелді), Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 Бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8275 тіркелді), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына, сондай-ақ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен (2025 жылғы 24 маусымдағы №7 хаттама)  ұсынылған 2025–2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі №ҚР ДСМ-59 бұйрығы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды.

       Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) І-тарау 2-тармағы бойынша (Мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттері) балабақшаның жұмыс оқу жоспарында қамтылған, оқу бағдарламаларын меңгертуде жоспарланған.

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасына, сондай-ақ Үлгілік қағидалардың 3-тармағына сәйкес, ұйым мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен вариативтілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіз әрі жайлы білім беру жағдайларын жасайтын мектепке дейінгі ұйым (балабақша) болып табылады.

     Балабақшаның материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға сай жабдықталған. Су, электр және жылу жүйелері орталықтандырылған. Әрбір топ бөлмесі өрт дабылы жүйелерімен, бейнебақылау камераларымен және кварцтау құралдарымен жабдықталған. Балабақшада интернет желісі қолжетімді.

     Жалпы балалар саны 60, жас ерекшеліктеріне қарай 3 топ мемлекеттік тілінде тәрбие беріледі;     

      Балабақша аумағында әрбір жас тобына арналған ойын алаңдары қарастырылған. Алаңдарда балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған ойын құралдары орнатылған, әр топ үшін көлеңкелі саяжайлар бар. Ойын алаңдары әткеншектермен, сырғанақтармен, құм салынған бастырмалармен және басқа да қауіпсіз ойын құралдарымен жабдықталған. Ғимарат аумағы түрлі ағаштармен, гүлзарлармен көгалдандырылған.

       Балабақшада медицина кабинеті жұмыс істейді, оның құрамында емшара бөлмесі және оқшаулау бөлмесі бар. Медицина кабинеті балалардың антропометриялық көрсеткіштерін өлшеуге арналған құралдармен, кварцтау жабдықтарымен, дәрі-дәрмектермен және санитариялық қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес қажетті құрал-саймандармен толық қамтамасыз етілген.

       Үлгілік қағидалардың 4-тармағына сәйкес балабақшада 3 топ жұмыс істейді, әртүрлі жас топтары қамтылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс режимінде қызмет атқарады. Жұмыс уақыты 08:00-ден 18:30-ға дейін, яғни 10,5 сағатты құрайды.

      Үлгілік қағидалардың 5-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйым түрі ретінде балабақшада үш жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі топтардың болуы көзделген.